Уа, мұсылмандар ұмытпаңдар!
Уа, мұсылмандар ұмытпаңдар!

-Уа, қымбат және әдемі көлік мінуді қалаған мұсылмандар, ұмытпаңдар! Ертелі-кеш сендерді қабірге қарай таситын ағаш көліктің жолаушысы боласыңдар!

-Уа, әсем және қымбат киім киінгісі келген мұсылмандар, ұмытпаңдар! Ертелі-кеш өмірлерің біткенде, ақ матаның бөлігімен ғана оранасыңдар!

-Уа, үйлері мен коттедждерінің құрылысы үшін ақшасын аямайтын мұсылмандар, ертелі-кеш суық қабір сендердің нағыз үйлерің болатындығын ұмытпаңдар!

-Уа, қымбат және сирек кездесетін тағамдарды жеп, аш жатқан бауырларын ұмытқан мұсылмандар, ертелі-кеш жер астындағы құрт-құмырсқаларға жем болатындарыңды ұмытпаңдар!

-Уа, Алланың разылығы үшін емес, адамдар арасында атақ пен мәртебеге ие болуға ұмтылған мұсылмандар, ертелі-кеш қабірдегі қараңғылықта жалғыз болатындарыңды ұмытпаңдар!

Уа, мұсылмандар ұмытпаңдар! Бұл дүниеде тек Алланы ғана еске алып, оның разылығы үшін амал еткендер ғана өкінбейді!

Асхат АсқаровАсхат Асқаров
9 жыл бұрын 4260
2 пікір
Блог туралы