Мен Алладан қорқамын
Мен Алладан қорқамын

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) заманында тақуа бір жас жігіт болған екен. Омар (оған Алла разы болсын) жас жігітті тақуалығы үшін ұнататын. Жігіт кәрі әкесі екеуі ғана тұратын, әр ақшам намазынан соң әкесіне қарай асығатын еді. Жігітке бір әйел сырттай қатты ғашық болып, жігіттің үйіне қайтқан жолын тосатын еді. Жас жігіт сол жерден өтіп бара жатып, күнде былай дейтін: "Әғузу билләһи минәш-шайтонир роджим". Күндердің күнінде әлгі әйел жас жігітті өз үйіне кіргізуге көндіреді. Жігіт әйелдің үйіне кіре бергенде, мына аяттар есіне түседі:《وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۚ إِنَّهُ سَمِيعٌ عَلِيم  إِنَّ الَّذِينَ اتَّقَوْا إِذَا مَسَّهُمْ طَائِفٌ مِنَ الشَّيْطَانِ تَذَكَّرُوا فَإِذَا هُمْ مُبْصِرُون 》 ( Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші. Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді.) [А'раф сүресі 200-201 аяттар]. Осы аяттарды оқып, есінен танып қалады. Әйел жігітті қанша тұрғызуға тырысқанымен, тұрғыза алмады. Сол уақытта әйел қызметші әйелді шақырып, жігітті үйіне сүйреп апарады. Есікті ашқан әкесі есінен танған ұлын көріп, ішке кіргізеді. Ұлын тұрғызып: "Ұлым саған не болды?" - деп сұрайды. "Әке, ештеңе болған жоқ" - деп жауап береді. Қайта-қайта сұраған әкесіне болған жағдайды айтып, сол кездегі есіне түскен аяттарды айтып, қайта есінен танады. Әкесі ұлын қанша тұрғызуға тырысқанымен, ұлы сол уақытта көз жұмған еді. Жас жігітті сол түні жерледі. Ертесі күні таңертең жас жігітті мешітте көре алмаған Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) жігіттің үйіне іздеп барады. Есікті ашқан әкесі ұлының қайтыс болғанын айтады. Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын): "Маған неге хабар бермедің?" - деп сұрағанда, әкесі: "Ол түнде өлді. Сізді мазалағымыз келмеді" - деп жауап береді. Хазіреті Омар жігіттің мазарына іздеп барып, мына аятты айтады:《 وَلِمَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ جَنَّتَان》(Раббының құзырына шығудан қорыққан кісіге екі пейіш бар)  [Рахман сүресі 46 аят]. Сонда жас жігіттің мазарынан бір дауыс шығып: "Ей, Омар! Мен екі Жәннаттың екеуін де алдым. Екі Жәннаттың екеуінде алдым" - деген екен.

Уағыздан үзінді

Асхат АсқаровАсхат Асқаров
9 жыл бұрын 6923
1 пікір
Блог туралы