Омардың (оған Алла разы болсын) ерлерге айтқан даналығы
Омардың (оған Алла разы болсын) ерлерге айтқан даналығы

Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) былай деді: "Сендер әйелдерге үйленесіңдер және оларға уәде бересіңдер. Әйелдерің қиыншылықтың үстінен қиыншылық көріп, бала көтеріп, оларды дүниеге әкеледі. Сосын оларды тамақтандырады, оларды мәпелеп түндерін ұйқысыз өткізеді. Балалары ауырғанда, олардың денсаулығына және жастық шағына әсер етеді. Олардың денсаулығы мен сұлулығы кеткенде, күйеулері олардан теріс айналады. Ал, егер әйелдері үй шаруасымен бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, тек өздерінің сұлулықтарымен ғана шұғылданса, күйеулері үшін сәнденсе, оларға:" Сендер жаман әйел және жаман анасыңдар. Сендердің жауапкершіліктерің қайда?!" - дейсіңдер. Алладан қорқыңдар! Әйелдеріңе олай жасамаңдар!"

Орыс тілінен аударған: Асхат Асқаров

Асхат АсқаровАсхат Асқаров
9 жыл бұрын 5163
1 пікір
Блог туралы