Ассаламуалейкум жамағат! Аллаһ Тағаланы пенде түсінде көруі мүмкін емес. Бұл нәрсе ақида бабында келетін ақыл үкімдерін түсіндіретін уәжіб-болуы міндет, жәйз-болуы да, болмауы да мүмкін, мустахил-болуы әсте мүмкін емес нәрсені айтады. Осы мәселе осы үшеуінің ішіндегі мустахил үкіміне жатады. Себебі, біз жараталыстардан болған шектеулі, дене бітімнен құралған мақлұқпыз! Оның үстіне біздің санамызда шектеулі. Ал, күллі кемшіліктен пәк болған Аллаһ Тағала біздің қиялдан болған түсімізге қалай болмысы енбек? Имам Мәтуриди:- "Ақыл-тек Аллаһты тануға себеп болатын құрал"-дейді. Яғни, ақыл Аллаһты түсіне де, елестете алмайды деген сөз. Ал, Әбу Бәкір Сыддық (ради Аллаһу анһу):- "Сен Алланы (ақылмен) түсіне алмауың, (Алланы) мойындауың"-дейді. Сондықтан біздің санамызға неше түрлі Алла болмысы жайлы ой келсе, ол тек шайтани күмән тудыратын уәсуәс қана. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:-"Көздердің Оны (Аллаһты) нақты бейнеде көруге шамасы жетпейді, бірақ Ол (Аллаһ) көздерді көреді". {Әнғам сүресі, 103-аят}. Тағы басқа аятта: -" Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді.{Ағраф сүресі, 143-аят}. Енді біздің түсімізге Аллаһ Тағала енетін болса, аятта айтылғандай тау сияқты быт-шыт болмаймыз ба? Егер Аллаһ Тағала пайғамбар етіп таңдаған Мұсаның (алейһис салам) өзі Раббымызды көре алмаса, қарапайым құлдың Аллаһты өңінде немесе түсінде көруге қауқары қалай жетпек?
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.